Оқушылардың химиядан 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасы

Басталғанға дейін қалды

Құрметті олимпиадаға қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

Ғани Бейсембаев

Біз сіздерді шексіз далалар, асқақ таулар, реликті ормандар мен таңғажайып пейзаждарды тамашалайтын әсем де құтты Қазақстан жерінде қарсы алуға қуаныштымыз!

Біздің отанымыз тату-тәтті өмір сүріп жатқан 100-ден астам ұлт өкілдерінің шаңырағына айналды. Біз қазақтың салт-дәстүрін аса қастерлеп, өзге халықтардың салт-дәстүріне де мұқият қараймыз. Тек бірлік пен ынтымақта ғана болашақты құруға болатынына сеніміміз мол!

Ежелгі дәуірден бастап күні бүгінге дейін әуен-саз бен ән айтудың табиғи емес, тылсым түрдегі шығу тегі хақында қазақтың халық аңызы сақталған. Ол көшпелі қазақтардың ұлы даласын шарлап, аспанда биікке көтерілген құдіретті ән өте төмен түскенін, сондықтан да оны естіген халық табиғатынан үлкен музыкалық дарын мен қабілетке ие болғанын айтады. Сондай-ақ ел арасында: «Жаратқан әрбір қазақтың жанына оның дүниеге келген сәтінен бастап күй бөлшегін салған», - дейтін сөз де бар. Біздің Димаш осының айқын көрінісі.

Біздің өз Отанымызды, тіліміз бен мәдениетімізді қастерлеп, сүйе білуіміз, сонымен бірге достық қарым-қатынасқа ашықтығымыз, сұхбаттасу қабілетіміз, сұлулықты сезінуіміз, тату-тәтті өмір сүре білуіміз, білімді, ғылымды және мәдениетті дамыту барысында жаңашыл елдердің қатарында болуға мүмкіндік пен құқық беретініне сенімдімін.

Бүгінде қазақ ғылымының негізін салушылар қатарында академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, химик-металлург Евней Арыстанұлы Бөкетов, математик Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков, генетик және селекционер Ғақаш Зәкиұлы Бияшов секілді көптеген белгілі ғалымдардың тұтас бір шоғы бар.

Сондықтан біз ғылыми және шығармашылық ойды дамытуға әрқашан дайынбыз. Бізді Астана қаласында әлемнің 22 елінің өкілдерінің жиналуы ерекше қуантады.

Біздің қонақжайлылығымыз, достық қарым-қатынасымыз әрқайсыңызға білімдеріңіз бен қабілеттеріңізді толық көрсете алуға септігін тигізетініне кепілдік береміз.

Халықаралық Менделеев олимпиадасының мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін арттыруға ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруға итермелеуі жылдан жылға ауқымды әрі қызықты болып келеді.

Біздің Қазақстан баршаларыңыз үшін үлкен ғылым әлеміне есік ашатын бірегей бастау болса деп тілеймін!

Әрқайсыларыңызға сәттілік, сенімділік, табысқа жетуге деген ұмтылыс және әрқашан академиялық адалдық қағидаттарын ұстануға тілектеспін. Және тек шын мықтылар жеңіске жетсін!


Құрметті химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қатысушылары!

ХМО-57 ұйымдастыру комитетінің төрағасы

М. В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультетінің ғылыми жетекшісі

РҒА вице-президенті

Степан Николаевич Калмыков

Сіздерді осы тамаша байқауға қатысу үшін елдеріңіз таңдағаныңызбен құттықтаймын. Сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз және зияттарыңыз бен білімдеріңізге лайықты жарыс ұйымдастыру біз үшін үлкен қуаныш.

ММУ химия факультеті талантты балалармен жұмыс жасауда үлкен тәжірибеге ие. Сондықтан сіздерді ММУ химия факультетінің ғалымдары және олардың әріптестері әзірлеген қызықты тапсырмалар мен тәжірибелік тур күтуде. Халықаралық қазылар алқасы нәтижелеріңізді барынша әділ бағалайтынына толықтай сенімдімін.

Бұл олимпиада сіздер үшін қалай өтсе де, ол таңғажайып химия әлеміне тамаша сапарларыңыздағы үлкен қадам. Сіздерді алдағы уақытта оқушыларымыздың, одан әрі әріптестеріміздің арасында көруге қуанышты боламыз.

Іске сәт!

Қымбатты достар!

ХМО-57 тең төрағасы,

Қордың атқарушы директоры Андрей Мельниченко

Александр Чередник

Химия пәнінен Оқушылардың халықаралық Менделеев олимпиадасы – әлемдегі жылдың ең жарқын олимпиадалық оқиғаларының бірі. Әртүрлі елдер мен құрлықтардың ұлттық командаларын біріктіре отырып, бұл олимпиада ғылымның шекарасы жоқ және болуы мүмкін еместігін көрсетеді.

Достық үшін де шекара жоқ: ХМО қатысушыларын төртінші рет достары үшін әрдайым ашық ел – Қазақстан қабылдауда. Қазақ жеріндегі жаңа кездесу жас химиктерге өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге, бір-бірімен танысып, тілдесуге мүмкіндік береді. Мүмкін бұл қарым-қатынаста болашақ зерттеу ұжымдары пайда болып қалар.

Қатысушыларға өздеріне сенуге тілектеспін. Сендер – үздіктердің ішіндегі үздіксіңдер және Менделеев олимпиадасына қатысуларың осының дәлелі. Сәттілік пен табыс тілеймін!

Олимпиада туралы

Халықаралық Менделеев олимпиадасы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол химиядан бүкілодақтық оқушылар олимпиадасының мұрагері бола тұра, оның нөмірленуін сақтап қалды.

Онлайн-трансляция

Олимпиада кезеңдері

Жарыс үш турдан тұрады: екі теориялық және бір эксперименттік.

1

Бірінші турда мектеп оқушылары күрделілігі мамандандырылған химия сабақтарының бағдарламасына сәйкес келетін сегіз міндетті тапсырманы шешуі қажет.

2

Екінші турда қатысушылар әр бөлімнен бір тапсырманы орындау арқылы өздерінің дайындықтарының жанжақтылығын көрсетуі қажет:

бейорганикалық химия
органикалық химия
аналитикалық химия
физикалық химия
жаратылыстану ғылымдары
3

Эксперименттік тур химия зертханасында жұмыс істеу дағдыларын тексереді: заттардың химиялық талдауын орындау және ұсынылған әдістеме бойынша синтездеу.

Этапы олимпиады

Бірінші турда мектеп оқушылары күрделілігі мамандандырылған химия сабақтарының бағдарламасына сәйкес келетін сегіз міндетті тапсырманы шешуі қажет. 

Олимпиада географиясы

Олимпиада ұйымдастырушылары

Қолдауымен

Қатысушылардың пікірлері